Семейдегі өрттен шығынға ұшырағандарға электронды сауданы игеру ұсынылды
Семейде сауда үйінде болған өрт салдарынан шығынға ұшыраған кәсіпкерлерге құқықтық көмек көрсетіледі.
Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері хабарлады. Мамандар зардап шеккендердің тізімін дайындап, шығын көлемін есептеп жатыр. Сондай-ақ несие мен қарыздарды өтеу кестесін кейінге шегеру мәселесі қаралуда. Қазірдің өзінде 500-ден аса кәсіпкер заңгердің көмегіне жүгінген. Оларды басқа сауда үйіне орналастыру бойынша келіссөздер жүргізілуде.
Әйгерім Қыпшақбаева, кәсіпкер:
- Біз несиені өтеу уақытын кейінге қалдыруды сұрадық. Бәрінде несие бар. Жеткізушіге төлейтін қарыз да көп. Менде ерлер мен әйелдер киімін сататын 3 нүкте болды. Шамамен 300 млн теңгедей шығын келіп отыр.
Мақсат Суйчинов, облыстық кәсіпкерлер палатасының төрағасы:
- Несиені өтеу уақытын кейінге қалдыру мен басқа сауда орындарымен келіссөз жүргізу басты мәселе болып отыр. Біз кәсіпкерлерге электронды саудағы көшуді де ұсынып отырмыз. Егер олар келіссе, санын анықтау керек. Содан кейін оларды маркетплейс арқылы саудасын жүргізу үшін тегін оқытамыз.