Көктемгі егін егу және жинау жұмыстарына ₸140 млрд бөлінген

Көктемгі егін егу жұмыстарын жүргізуді жеңілдетілген несиемен қаржыландыру үшін Аграрлық несие корпорациясына 35 миллиард теңге бөлінді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бұл – екінші транш. 15 миллиард теңге көлеміндегі алғашқы транш өткен айда аударылған. Бүгінде қаржының үштен бірі шаруалардың есепшотына түсті. Олар ақшаны топырақты дайындауға, тұқым мен тыңайтқышты және қажетті материалдарды сатып алуға жұмсауы тиіс.

Жалпы егін егу мен оны жинау жұмыстарына биыл 140 миллиард теңге бөлінген. Жыл басынан жеңілдетілген несиені алуға фермерлерден 2 мыңға жуық өтініш түсті.