Премьер-министр «Шеврон» өкілімен кездесті

primeminister.kz

Қазақстандық өндірушілерден тауар сатып алу үлесін арттыру қажет.

Премьер-министр Олжас Бектенов «Шеврон» компаниясының басшысына осындай ұсыныс айтты. Компанияның еуразиялық бөлімшесінің басқарушы директорымен кездесуде Үкімет басшысы саладағы маңызды міндеттерді көтерді. Атап айтсақ, Премьер-министр Теңіз кен орнында қысымды басқару және кеңейту жұмыстарын уақытылы аяқтауды тапсырды. Жоспарға сай бұл істер биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында және келер жылдың осы кезеңінде бітуі керек. Үкімет Қарашығанақ кен орнын игеруге үлкен мән беріп отыр. Бұдан бөлек, кәсіпорындарда жергілікті қамтуды дамыту ерекше назарда. Өз кезегінде Дерек Магнесс «Шеврон» компаниясының Қазақстанмен барлық мүдделі бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайтуға әзір екенін растады.