Атыраулықтар Катарда ресми түрде жұмыс істейтін болды

Атыраулықтар шетелдік еңбек нарығына шыға бастады.

Халықаралық жоба аясында былтыр Ресейдің алпауыт мұнай компаниясына 25 адам жұмысқа орналасты. Биыл тағы 250 маманға сұраныс түсіп отыр. Олардың басым көпшілігі мұнай компанияларында тәжірибе жинақтағандар.

Нұрсұлтан Арықбаев Ресейдің Калининград облысында 8 ай жұмыс істеп келді. Мамандығы техникалық қауіпсіздік инженері. «Теңіз» жобасында арнайы дайындықтан өткен маман шетелдік еңбек нарығы талабын жақсы біледі. Қазір ол Катар еліне барып, жұмыс істеу үшін құжат тапсырған.

Нұрсұлтан Арықбаев, халықаралық жобаға қатысушы:

- Біздің Қазақстаннан 80 адамдай жұмысқа аттанған болатын. Жалпы істеуге өте ыңғайлы болды. Біздің жоғары баға көрсетумізге себеп біздердің «FБR» және «Карабатан» жобаларынан алған тәжірибеміз болғаны анық. Осындай халықаралық жобалар көп болатынына сенімдіміз.

Атырауда отандық жұмысшыларды шетелдерге дайындайтын компания бар. Былтыр халықаралық жобаларға қатысу үшін 250 мың адам өтініш жолдаған. 200 маман халықаралық жобаларға жіберілді. Бесеуі Катарда әлі жұмыс істеп жүр. Қазір жаңа жұмысшылар тобы жасақталып жатыр. Компания оларды мамандығына қарай іріктеп, құжаттарын толтыруға көмектеседі.

Олжас Сұлтанов, халықаралық бизнесті дамыту компаниясының менеджері:

- Қазір 80 адамды Катарға дайындап жатырмыз. Оларға керекті сертификаттарын оқытып, бұйырса, жіберетін жоспарымыз бар. Екі мемлекеттің арасындағы әріптестіктің арқасында біздің қазақстандық жұмысшыларға жеңілдіктер пайда болып жатыр.

Осылайша қазақстандық мамандар үшін еңбек нарығының жаңа кеңістігі ашылып келеді. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы шетелдерден түскен сұраныстарға орай еңбек жәрмеңкесін ұдайы өткізіп тұрады. Нәтиже жаман емес.

Гүлболат Аманғалиева, жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының бөлім басшысы:

- Ресейдің Амур өлкесіне мұнай-газ өндіру саласына сұраныс түсіп отыр. Жеке мекемеден 69 адамға Оның ішінде өндіріс инженері, инженер-электрик, электрмен монтаждаушы мамандықтары бойынша сұраныстар түсіп отыр.

Қазір облыста 16 мыңға тарта жұмыссыз тіркелген. Оның 6 мыңы өңірдегі мұнай жобаларынан босаған мамандар. Биыл 300-ге жуық атыраулық алыс-жақын шетелдерге жұмысқа аттанады.

Арыстанбек Кенже, Айбек Байзақов