Еңбек кодексінің ережелеріне өзгеріс енгізу қажет
Елордадағы университеттердің бірінің жанынан құрылған Парламент Сенататының жобалық кеңсесінде ғалымдар осындай бастама көтерді.
Осыған қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Ғалымдар еңбек нарығындағы ұжымдық қатынастардың түрлі мәселелері мен шешу жолдарын да ұсынып отыр. Басқосуда әлеуметтік әріптестікті қолдану аясын кеңейту, ұжымдық келіссөздер жүргізуді оңтайландыру, кәсіподақ мәртебесін нығайту секілді бірқатар мәселе талқыланды.
Мүсілім Хасенов, профессор:
- Біз ұсынған негізгі өзгертулердің бірі - жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы әлеуметтік диалогты нығайту. Тәуелсіз кәсіподақ қозғалысын дамыту және еңбек мәртебесін арттыру. Сондай-ақ ұжымдық келіссөздер жүргізу шарасын жеңілдетіп, еңбек дауларын шешу тетіктерін жақсартуға қатысты ұсыныстарымыз бар.
Руслан Рүстемов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Біз бұған байланысты Сенат жанынан жұмыс тобын құрамыз. Әрі қарай жұмысшы топтын алдына шығарып, өзекті мәселелерін талқылап, осы жаңа заң жобасы бойынша жұмыстарды әрі қарай тереңдетеміз және оны ары қарай Сенаттың қабылдауына, қарауына жеткіземіз деп ойлаймын.