Елдегі электронды сауда алаңдарында бәсеке жоқ
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жасаған талдау нәтижесі осындай.
Мамандар 2023 жылдың алғашқы жарты жылдығын назарға алған. Тауарларды бөлшек саудада өткізу мақсатында электрондық сауда алаңдарына кіруді қамтамасыз ету қызметтеріне шолу жасалды. Оған сай негізгі қызметтің басым бөлігін "Kaspi дүкен" мен Wildberries көрсеткені анықталды. Бұл нарық заңмен реттеледі.
Асылхан Сүйіндіков, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қаржы нарықтары департаментінің директоры:
- Шоғырлану коэффициент мәндеріне сәйкес зерттелетін қызметтер мәні дамымаған бәсекелстік пен жоғары шоғырланған болып табылады. Нарық субъектілерінің құрамына 9 электронды алаңы кірді. Талдау қорытындысы бойынша 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында «Kaspi дүкен» мен Wildberries жиынтық үлесі бойынша 50 пайыздан астам үстем жағдайға ие екені анықталды.