Еліміздегі автобөлшек өндірісі ширай түседі
Елімізде жасалатын автокөліктердің саны 2027 жылға дейін 50%-ға кезең-кезеңімен ұлғайтылады.
Ал өндірісте жергілікті өнімнің үлесін арттыру көзделіп отыр. Осы арқылы отандық тауар халыққа қолжетімді бола түседі.
Елімізде жаңа өндіріс орындарын ашу мен жұмыс істеп тұрған комбинаттарды түбегейлі жаңғырту қажет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Өндірістің дамуына тың серпін беретін шаралар қабылдауды тапсырды. Ел озық технологияны қолданатын жаңа өндірістерге мән беру қажет. Бұл экономика құрылымын өзгертуге, еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалауға жол ашады.
ЦИТАТА:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
«Еліміздегі өндірістің дамуына тың серпін беру қажет. Баршаға түсінікті және тиімді индустрия саясатын жүргізу үшін былтыр жеке министрлік құрылды. Содан бері біраз уақыт өтті, енді жұмыстың нәтижесін көрсету керек. Министрлік саланың даму бағдарын анықтап, инвесторларға жол көрсетуі керек. Озық технологияны қолданатын жаңа өндірістер ашу қажет. Алайда, нақты шаралар мен әдіс-тәсілдер дайын емес. Өндірістің дамуына серпін беретін жобалардың тізімі бар, дегенмен, бұл жұмыс та толық аяқталмаған. Бұл өндірістер экономика құрылымын өзгертуге, еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалауға және технологиялық өсімді қамтамасыз етуге тиіс».
Отандық және шетелдік инвесторлар елімізде автобөлшектер өндірісін дамытуға 410 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі осылайша отандық тауарлардың үлесін арттыра түспек. Бұл әрі өндірушінің логистикалық шығындарын азайтуға сеп. Айталық, бүгінде қазақстандық автоөнеркәсіп өндіріс қарқынын едәуір арттырған. Мәселен, былтыр жеңіл және коммерциялық техника өндірісі 30%-ға, көлік құралдарын сату 60%-дан астам өскен.
ЦИТАТА:
Шыңғыс Сүйінбаев, ҚР Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары:
«Көліктердің жергілікті үлесін дамыту үшін автомобильдің құрамдас бөліктерінің базасын дамыту керек. Қазір Қазақстанда газ шығару жүйелері, бамперлер, сэндвич-панельдер, полиуретанды төсеніштер мен пластмасса бөлшектер, мультимедиа, отырғыштар, дөңгелектер, шиналар, цилиндрлердің қақпақтары, механикалық беріліс қораптары, аккумуляторлар шығару жобалары іске асырылып жатыр».
Ал сарапшылар атқарушы билік қайта өндіру секторын дамытуға мән беруі тиіс деген пікірде. Себебі бұл қаражат елге қайтарылатын болса, бюджеттің шығын мәселесін шешуге болады. Импортқа тәуелділіктен алшақтау үшін Қазақстанда өндірілген тауарларды экспорттауға мүмкіндік жасау қажет, дейді.
Бауыржан Ысқақов, сарапшы:
Біздің жалпы макро экономиканың жағдайын қарайтын болсақ, экспортқа шығып жатқан тауарлар біздің шикі затымыз және ауыл шаруашылығымыздың өнімдері. Міне осы екі саланы егерде біздің өзіміздің ішкі нарықты қамтамассыз ете алатындай жағдайға жеткізе алатын болсақ, онда біздің импортқа тәуелділігіміздің тұтынудың ең бір тәуелді жолы, бұл біріншіден. Ал егер біз өзіміздің импортқа тәуелділігімізді тоқтата алатын болсақ, онда қазіргі алдыға шығып кеткен инфиляциыны алуғада мүмкіншілігіміз бар. Өйткені барлық сырттан келетін тауарлар біз сол арқылы сырттан инфиляцияны қоса отырамыз.
Айта кетерлігі, отандық машина жасау саласы қарқынды дамып, оң нәтиже көрсете бастаған. Қазірде Қазақстанның машина жасау саласында 5400-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Ондағы жұмысшылар саны 120 мыңнан асады. Әлемде ең көп саудаланатын да дәл осы машина жасау өнімдері.
Айнұр Қуатқызы, Камшат Атабаева