2027 жылы отандық көлікті құрастыру көлемі 50% артады

2027 жылы қазақстандық кәсіпорындар көлік құрастыру көлемін 50%-ға дейін арттырады.

Зауыттар бұл көрсеткішті кезең-кезеңмен арттыруға міндеттелді. Ол үшін автокомпонент базасын жақсарту керек. Бұл туралы жуырда елордада өткен сала мамандарының халықаралық конференциясында айтылды. Қазір елде бампер, сэндвич панель, пластик бөлшектер, орындық, диск, шина, аккумулятор сынды бөлшектердің өндірісіне қатысты жобалар жүзеге асып жатыр. Сондай-ақ инвесторлар Қазақстанда автокомпонент өндіруге 410 млрд теңгеден аса қаражат бөледі.

Ким Джунг-Хун, Сауда және инвестиция бойынша көмек беретін Kotra Almaty агенттігі өкілдігінің директоры:

- Қазақстан өнеркәсіптің дамуына негіз болатын табиғи ресурстарға бай. Одан бөлек мемлекет жеткізу жолдарын өзгерту процесінің қақ ортасында тұр. Біз бұл өзгерістер мен мүмкіндіктердің автомобиль индустриясын дамытуға ықпалын көріп отырмыз. Бұл Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асыруға дайын компаниялар үшін жақсы мүмкіндік.