Ақтөбеде электр қуаты қымбаттауы мүмкін
Тариф 38,8 пайызға өседі.
Табиғи монополияларды реттеу департаментіне осындай ұсыныс түсті. Бірақ бұған кәсіпкерлер қарсы. Олар баға мәселесін қоғамдық тыңдауларда бірнеше рет көтерген. Қазір жүздеген бизнес иелерінің шағымы кәсіпкерлер палатасына жолданды. Егер электр энергиясымен қамтушы мекеменің өтініші мақұлданса, жаңа тариф 1 наурыздан бастап күшіне енеді.
Ангелина Мурашко, кәсіпкер:
- Электр энергиясы бағасының көтерілуі дұрыс емес деп санаймын. Себебі күнделікті көпшілікке қызмет көрсететін кәсіпкерлерге ауыр соғады. Электр қуатын көп тұтынатындықтан бізге де тамақ бағасын өсіру туралы ойлануға тура келеді.
Жасұлан Кәртімбетов, табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының орынбасары:
- Департаментпен қазіргі таңда сол хабарлама қаралып жатыр. Ол түпкілікті шешім емес жаңағы 38,8 пайыз өсім деген. Бүкіл шығындарының біздер дәлелдігін тексереміз. Соны тексеріп барып, қортынды шешім департаментпен қабылданып және сәйкесінше хабарланатын болады.