«Ауыл аманаты» жобасы аясында 80 млрд теңге көлемінде несие берілді
Өткен жылы «Ауыл аманаты» жобасы аясында 80 млрд теңге көлемінде 13 мыңға жуық жеңілдетілген несие берілді.
Бұл туралы Мәжіліс Спикері «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді. Сондай-ақ жалпы ауылды дамыту Мемлекет басшысының ерекше назарында екенін айтты. Мәселен, 2029 жылға қарай ауылдың 1 млн тұрғынын осы жобамен қамту көзделген. Оған қоса 350 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Бұл мақсатқа 1 триллион теңге көлемінде қомақты қаражат бөлінді.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
- «Ауыл аманаты» Президенттің сайлауалды бағдарламасына енгізілген бірегей жоба. Онда ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартудың нақты әрі түсінікті тетіктері қарастырылған. Ең бастысы, қаражаты толық шешілген. Бір жылдың ішінде жобаның тиімділігін көріп отырмыз. Барлық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер «Ауыл аманаты» жобасын сапалы жүзеге асыруға тиіс. Негізгі міндет те осы болуы керек.