Кәсіпкерлердің 67%-і нақты табысын жасырып отыр

Жеке кәсіпкерлердің 67% өздерінің нақты табысын жасырып отыр, деп хабарлайды 24KZ.

Былтыр алғашқы 6 айда 1,4 млн кәсіпкердің 944 мыңы нөлдік көрсеткіш көрсеткен. Бұл жөнінде бүгін Сенат қабырғасында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.

Жалпы Ұлттық банктің ақпаратына сай өткен жылы карта арқылы төленген қызметтердің құны 55 трлн теңгеге жеткен. Ал мобильдік аударымдар болса 80 трлн-нан асып жығылады. Яғни, қазынаға тиісті мөлшерде салық түсіп жатқан жоқ. Шағын кәсіпкерлер төлейтін салық жергілікті жерлердің бюджетіне түсетінін ескерсек, әлеуметтік саланы дамытуда қаржы жетіспеушілігі де туындайды, – дейді Қаржы министрлігінің өкілдері.

Ержан Біржанов, ҚР Қаржы вице-министрі:

- Біздің ең бірінші стейкхолдерларымыз – ол біздің халық. Оларға осы қызмет керек. Олардың балалары жарық, жылы мектепте оқу керек. Олар жақсы ем алу керек. Егер де жеке кәсіпкерлер осы 80 трлн салық төлемесе, олардың жағдайы қиынырақ болады. Сондықтанда ақпаратты дұрыс жеткізулеріңізді сұраймын. Себебі осы мобильді аударымдар бойынша үлкен «хайп» болып жатыр, бірақ расында да салық төленбей жатыр.