Ұялы байланыс қымбаттады

24kz

Қазақстанда ұялы байланыс қызметі қымбаттады.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. Отандық байланыс операторлары ақпан айында, қызмет ақысын бірден 6,2 процентке өсірген. Ал өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тарифтің қымбаттуы 12,4 процентті құрап отыр. Сондай-ақ елде интернет бағасы да қымбаттады. Бір жылдың ішінде интернет тарифтерінің құны 3,5 процентке артқан.