Қазалы кәмпиті экспортқа шығарылады

Қазалының кәмпиті экспортқа шығарылатын болды.

Қытайдан сұраныс түскен. Тәтті шығаратын цех тәулігіне 400 тонна өнім дайындайды. Жалпы, былтыр Қызылорда облысынан 50 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі, әлемнің 21 еліне экспортталды. Оның жалпы құны 28 миллион доллар болды.  Соның ішінде Қазалы ауданында өндірілген  3 мың тоннадан астам өнім Еуропаның 6 мемлекетіне сатылған. Оның ішінде күріш, балық өнімдерімен қатар ши-қамыс та бар. Аудан кәсіпкерлері ішкі нарықтан бөлек, шетелге тауар шығару бағытына басымдық беріп отыр. 

Ақтілеу Бөріқұлов, Қазалы аудандық  кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы:

- Айына 3-4 тоннадан экспорттағысы келіп отыр. Бұл бастапқы өнімдеріне. Қазіргі таңда цехтың қасынан тағы бір цех ашып, жұмыс көлемін ұлғайтып және жұмыссыздықты жою жөнінде тағы 20 адам алғысы келіп отыр.