Кедендегі пилоттық жоба оң нәтиже берді
Сөз – өткізу пункттерінде берілетін шетелдік рұқсат бланкілері жайлы.
Мемлекеттік кірістер комитеті Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетімен бірлесіп Қытаймен шекарада Qoldau.kz платформасы арқылы пилоттық жобаны жүзеге асырып келді. 2023 жылдың 26 сәуірінде басталған қызмет 106 мыңнан астам шетелдік рұқсат бланк берген. Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау департаменті директоры Елдос Саудабаевтың айтуынша, пилоттық жоба электрондық кезектің автоматты жүйесімен бірлесіп, мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландырды. Сыбайлас жемқорлық факторлары жойылған. Нарықта отандық тасымалдаушылардың үлесі 55%-дан 70%-ға дейін ұлғайды.
Елдос Саудабаев, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің кедендік бақылау департаментінің директоры:
"Пилоттық жобаның оң нәтижелерін ескере отырып, оны іске асыру мерзімін 2025 жылдың ІІ тоқсанының соңына дейін ұзартуды, сондай-ақ биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында Мемлекеттік шекараның Қазақстан-Өзбекстан учаскесінде осындай пилоттық жобаны іске қосу мәселесін пысықтап жатырмыз."