Барлау жұмыстарына инвестиция қажет
Сенат комитетінің Өскеменде өткен көшпелі отырысында геологиялық барлау жұмыстарына жаңа инвестициялар тарту мәселесі талқыланды.
Депутаттар бұл салада жүзеге асатын реформалар туралы өңірдегі ірі кәсіпорындардың басшыларымен сөйлесті. Пайдалы қазба байлықты өндіру ісінде технологияны жетілдірудің қажеттілігін атап өтті. Нақты айтқанда, қазақстандық геологтар 1 шаршы шақырым аумақты барлау үшін шамамен 8 АҚШ долларын жұмсайды. Ал көрші Ресей мен Өзбекстанда бұл көрсеткіш он есе жоғары. Сондай-ақ бұл нарыққа жаңа табиғат пайдаланушы компанияларды тарту да басты назарда. Былтыр металл рудаларын өндіруге салынған салықты өсіру есебінен республикалық бюджетке қосымша 160 млрд теңге түскен.
Шәкәрім Бұқтұғұтов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Табиғат пайдалану туралы кодекс бар. Ол отандық және шетелдік инвесторларды тарту мәселесін реттейді. Өткен жылы бұл салаға тартылған инвестициядан, пайдалы қазба байлық 6 есе көп шығарылған. Бұрын мұндай жағдай болмайтын.