Қазақстан венчурлық мәміле жөнінен көш бастап тұр

Қазақстан Орталық Азия мен Кавказдағы венчурлық мәмілелер саны бойынша көш бастап келеді.

Соңғы бес жылда аймақтағы венчурлық қаржыландыру көлемі 5,5 есе өсті. Зерттеуге сай  Қазақстан есепте ұсынылған елдер арасында көшбасшы болды. Былтыр елде 80 млн долларға венчурлық мәмілелер жасалған, ал Грузия екінші орында - онда 2023 жылы жасалған  мәмілелердің жалпы көлемі 21 млн долларды құрады. Алайда қосымша инвестициялардың әлеуетін көрсететін жүйе шағын. Сенімді деректердің аздығы дамуға кедергі келтіреді дейді салада жұмыс істеп жүргендер.

ЦИТАТА: Ерсұлтан Ерманов, Ақпараттық технологиялар саласын дамыту департаментінің директоры:

"Мемлекеттік қолдау, стартаптар үшін инфрақұрылымды дамыту және халықаралық әріптестік Қазақстанның венчурлік нарығына тірек ретінде әрекет етеді. Шетелде хабтардың ашылуы қазақстандық стартаптарға халықаралық деңгейге шығуға мүмкіндік береді. Инновациялар мен кәсіпкерлікті қолдаудың кешенді тәсілі Қазақстанды венчурлік инвестициялар үшін тартымды мекенге айналдырады. Сонымен қатар елдің әлемдік экожүйеге кірігуіне ықпал етеді."

Қандай стартаптарға қаржы құйылады?

Қазақстанда венчурлік инвесторлар FinTech, сондай-ақ AI жасанды интеллект, Денсаулық сақтау саласы және PropTech, бұл жылжымайтын мүлік саласындағы стартаптарға барынша қызығушылық танытты. Жобалардың сапасы артқан сайын, инвестициялық тартымдылық та жоғарылай түседі. Зерттеулерге сай, елдегі венчурлік инвесторлар мәмілелер саны бойынша көп болғанымен, инвестициялар көлемі бойынша халықаралық ойыншылардан ұтылып, тек 45% ала алады. Дегенмен, біздің нарықтың ашықтығы халықаралық инвесторлардың назарын аударады. Сондай-ақ жергілікті стартаптарға жаһандық нарыққа шығуға жол ашады дейді сала мамандары. Венчурлік қаржыландыру бұл жоғары тәуекелге бара отырып, болашағы зор жас компанияларға қаражат құю.

Халықаралық ақша аударымдары азайды. Биыл қаңтарда шетелге жіберілген ақша мен біздің елге аударылған қаражат көлемі қаңтарда айтарлықтар қысқарған. Биыл қаңтарда халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы Қазақстаннан шетелге 52,5 млрд теңге жіберілген. Бұл 160 мыңнан астам транзакция. 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда аударымдар саны 25%-ға, ал ақша көлемі 27%-ға қысқарды.

Қазақстаннан шетелге аударылған ақша

Ресей  ₸17,6 млрд

Түркия ₸12,5 млрд 

Өзбекстан ₸8,8 млрд

Грузия  ₸4,2 млрд

Қытай ₸2,5 млрд

Ал Қазақстанға шетелден 20,6 млрд теңгеден астам қаражат жіберілген. Бас аяғы қаңтарда 71 мың транзакция жасалды.  Өткен жылдың аяғымен салыстырғанда сырттан алынған ақша аударымдарының саны 15,5%- ға, ақша көлемі 12,7%-ға төмендеді.

ГРАФИКА НА ЛЕД-2

Қазақстанға ақша аударған елдер

Ресей ₸5,5 млрд

АҚШ  ₸2,4 млрд теңге

Корея Республикасы ₸2 млрд

Өзбекстан ₸2 млрд

Норвегия ₸1,6 млрд