Қызылордада креативті индустрияның «Этно Fashion» фестивалі ұйымдастырылды
Қызылордада «Этно Fashion» ұлттық сән үлгісі фестивалі өтті.
Бұл шара «Брендке бір қадам» креативті индустрия жобасы аясында ұйымдастырылды. Оған облыс бойынша 17 дизайнер-тігінші қатысты. Әр ісмер екі түрлі киім үлгісін ұсынды. Мысалы, ши құрақпен безендірілген этношапан, түймелері жылқы сүйектерінен әзірленген заманауи кеудешелер, киізден тігілген шапандар фестиваль қонақтарының қызығушылығын тудырды. Ұлттық киімдер дефилесінде 100-ге жуық киім үлгісі таныстырылды. «Басты мақсат ұлттық құндылықтар мен мәдени-мұраны насихаттау, жергілікті дизайнер-тігіншілердің креативті кластерлік жаңа жүйесін қалыптастыру», - дейді ұйымдастырушылар.
Алтынай Молжанова, «Анаға тағзым» орталығының директоры:
- Ұлттық киім ұлт мәдениетінің бір көрінісі ғой. Олардың біз кластерлік базасын жасап, байқау ретінде өткізіп және олардың ішінде ең үздіктерін тануға, табуға және алдағы уақытта республикалық деңгейде өткізілетін үлкен шараларға бағыттап отырсақ деген ниетіміз бар.