Мемлекеттік сатып алу ережесі өзгерді

Мемлекеттік сатып алуға өзгерістер енгізілді. Енді тапсырыс берушілер орындаушыға қызмет ақысының 30 процентін алдын ала төлеуге міндетті.

Сондай-ақ кәсіпкерлер қамтамасыз етудің түрлерінен босатылады. Ал келісімшартты орындай алмаған жағдайда салынатын айыппұл көлемі 10-нан 3 процентке дейін төмендеді.

Жаңа ереже ұлттық компанияларда жарияланатын сатып алуларға да қатысты.

Бұл жайлы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Айта кетейік, қазір мәжілісте «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң жобасы әзірленуде. Осы арқылы жауаптылар саладағы түйткілді мәселелердің түйінін тарқатып, сатып алу ісін жеңілдетуге ниетті.