Қазақстандық шаруаларға дизель отыны бөлінді

Қазақстандық аграршыларға жеңілдетілген бағамен 340 мың тоннадан астам дизель отыны бөлінді, деп хабарлайды 24KZ.

Оның тең жартысы қазірдің өзінде өңірлерге жеткізіліп, диқандардың сұранысы бойынша берілді. Энергетика министрлігі ұсынған арзан дизельдік отынның литрі – 250 теңге. Бұл нарықтағы бағадан 15%-ке төмен. Жер жыртып, тұқым себу кезеңінде отын бағасының қымбаттауы байқалса, диқандар құқық қорғау органдарына шағымдана алады.

Ерлан Ақкенженов, ҚР Энергетика вице-министрі:

- Ауыл шаруашылығы министрлігімен біз 340 мың тонна жеңілдетілген дизельді қарастырдық. Ауыл шаруашылығы министрлігінен қосымша өтінім келді бізге, 35 мыңға. Біз оны қарастырамыз, қосымша дизель бөлінеді.