27,3 млрд теңге мемлекетке қайтарылды

27,3 млрд теңге мемлекетке қайтарылды

Қарағандыда сатып алу саласына салғырттық танытқан мемлекеттік қызметкерлер анықталды.

Олар өңір бюджетінен 27 млрд теңгені жосықсыз жұмсауға ниеттенген. Мәселен, су құбырын жөндеу үшін 625 млн теңге ел қазынасынан қаралған. Ал ол жобаның құжаты да болмаған, сараптамалық қорытындысыз өткізіп жіберген.

Сондай-ақ, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы өлшеуіш құрылғылар сатып алуға негізсіз ақша бөлген. Олардың да олқылығы әшкере болып, 75 млн теңге мемлекетке қайтарылды.

Облыстық прокуратура бұл бассыздықтарды анықтап, бетін қайтарды. Нәтижесінде 54 лоттың күші жойылды.

Ерлан Жанпейсов, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі:

- 75,2 млн теңге сомасына ластаушы заттардың шығарындыларының мөлшерін өлшеуге арналған жабдықтар мен аспаптарды сатып алуды негізсіз жоспарлаған. Бұл ретте шығарындыларды өлшеу аталған мемлекеттік мекеменің құзыретіне жатпайды. Қабылданған шаралардың арқасында бюджет қаражаты облыстық бюджетке қайтарылып, қайта бөлуге жіберілді. Бюджет қаражаттарының жұмсалу мәселесі қадағалау органының бақылауында.