Шығыста «сақалды құрылыс» көбейген

Шығыс Қазақстан облысында 150 миллард теңгеге бағаланған 13 нысанның құрылысы мерзімінде аяқталмай жатыр.

Мысалы, шалғай аудандарда бірнеше дене шынықтыру-сауықтыру орталықтары салынып бітпеген. Жастар спортпен мектеп залында шұғылдануға мәжбүр.

Жалпы мұндай кешендердің әрқайсысына мемлекет бюджетінен шамамен жарты миллиард теңге бөлінген.

"Арнаулы халыққа қызмет көрсету орталығы" мен гематология медициналық мекемесінің құрылысы да созылып кетті.

Денис Шакенов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы:

- Біз бұрынғы жүйеден бас тарттық. Осыған дейін, құрылыс өз мерзімінде аяқталмаса, объективті себептері болғанына қарамастан, оны салып жатқан компания басшысының үстінен қылмыстық іс қозғайтын едік. Сөйтіп басталған құрылыс сол беті аяқсыз қалатын. Енді бәрі басқаша. Атқарушы органды хабардар етіп, келісімшартты ұзартып, мүмкіндік беріп жатырмыз. Оның нәтижесі де жаман емес.