ОПЕК+ келісімі бойынша мәлімдеме
Наурызда еліміз қара алтынды тәулігіне 131 мың баррельге артық өндірген. Сөйтіп, мұнай өндірісі бойынша келісімді межеден асып кетті.
Бұған климаттық жағдайлар мен жылыту маусымының ұзақтығы себеп болды. Алайда Қазақстан 1-ші тоқсанға белгіленген міндеттемелерін орындап, артық өндірісті өтеу жұмысын әрі қарай жалғастыра бермек. 30 сәуірге қарай Қазақстан ОПЕК хатшылығына өтемақының егжей-тегжейлі жоспарын ұсынады. Мұндай шешім бірлескен министрліктер мониторингі комитетінің 53-ші отырысында қабылданды.