Түркиямен экономикалық байланыс артады
Қазақстан мен Түркия арасында жүк тасымалдау уақыты қысқарады және тауар көлемі ұлғаяды.
Сенаттың жалпы отырысында екі ел арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісімді ратификациялау жөніндегі Заң мақұлданды. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, былтыр Қазақстанмен ең көп тауар айналымын жасаған мемлекеттер арасында Түркия 5-орында тұр. Өзара жүк тасымалы 6 млрд долларға жеткен. Тараптар Каспий теңізінде тұрақты жол-паромдық операцияларды жүзеге асырады. Заң қос елдің экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамытуды көздейді.