Дәнді дақыл себудің үздік үлгілері ұсынылды
Жетісулық диқандар биыл жарты миллион гектардан астам жерге дәнді дақыл себеді.
Егістік алдында шаруаларға майбұршақ, арпа, жүгері, қант қызылшасын өсірудің озық үлгісі көрсетілді. Ғалымдар отандық және шетелдік тұқым түрлерін таныстырып, олардың ерекшелігі жайлы баяндады. Сонымен қатар алқапты арамшөп басып кетпеу үшін қолданылатын биопрепараттар жайлы да мол мағлұмат берді. Бір жүргенде бірнеше жұмысты қатар атқаратын озық техникалар көрмесі ұйымдастырылып, тәжірибелік алқапта заманауи технологиялар іс жүзінде көрсетілді.
Қалибек Алпысбаев, шаруашылық жетекшісі:
- Қант қызылшасы осы жерде 7 гектардан 28 гектарға қойылған. Оның сыртында екі гектар өзіміздің отандық өнім. Енді бұл кісілер жаздай осы 30 гектарды күтіп баптайды өздері. Жаз айында день поля өткіземіз. Сол кезде келіп қалай өсіп жатқанын қалай өсімдікті арам шөптен қорғап жатқанын көретін боламыз.
Нұрдәулет Кененбаев, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
- Семинарды ұйымдастырып отырған негізгі мақсатымыз - ғылыми жетістіктерді ғылыммен өндірісті ұштастыру болып отыр. Түпкі мақсатымыз гектар өнімділігін көтеру.