Көктемгі егін жұмыстарына қосымша 400 млрд теңге тартылады
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге қосымша 400 миллиард теңге қаражат тартылады.
Осыған байланысты Үкімет резервінен 60 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы ауыл шаруашылық министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді. Қаражат несиелер құнын төмендетуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кредитіне кепілдік беруге бағытталады.
Олжас Тілебалдин, ҚР АШМ ресми өкілі:
- Бұл тәсіл ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына егіс жұмыстарын жүргізу үшін жылдық бірден 5% несие қаражатын беруге және жеткілікті кепілдік болмаған жағдайда несие сомасының 85% дейін кепілдік беруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ бүгінде азық-түлік корпорациясын қосымша қаржыландыру үшін «Азық-түлік корпорациясы» 200 мың тонна астықты тауарлық несиелеу бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті.