Еліміздегі жолшылар тынымсыз еңбек етіп жатыр
Жолшылар тыным таппайды.
Қыста аяз қарып, жазда күнге тотыққан мамандар қазір сумен арпалысып жатыр.
Қававтожолдың қарауында 25 мың шақырым жол бар. Бұл қала мен даланы қосып жатқан аралық. Күні түні көлік қатынасы саябырсымайтын тасжолдар бір қарғанда тасын төсей салып, жүз жылдап жүйіткей беретіндей көрінеді. Алайда мұны күтіп ұстау, жыл сайын күре жолдар салу оңай іс емес.
Сәкен Ділдахмет, «Қазавтожол» ҰК» АҚ ресми өкілі:
- Жыл сайын бізде республикалық маңызы бар жолдарда жолды күтіп ұстау жұмыстары жүргізіледі. Қысқы мезгіл қалай басталады, жоллдың қарын тазалау, арнайы белгілерді орнату. Көктем шыға келе көктемде күтіп ұстау жұмыстары, қыстан кейін жолдың кейбір жерлері ойылады. Кейбір жерінде мысалы қайта жөндеуді талап етеді. Одан бөлек мына жолдың бойында жолақтарды бояймыз. Жолдың бойында әжетхана бар, оларды тазалау, жол бойында қоқыстарды теріп, күтіп ұстау жыл он екі ай бойы жүргізіледі.
Сондай-ақ биылғы көктем жолшылар үшін қиынға соғуда. Ағын су арнасынан асып, сай-саланы бойлап аққанда тасжолдарды да қақыратып, қатынасты қиындатты. Қазавтожол мамандарының мәліметінше қазір 4 облыстың 8 бағытында көлік қозғалысы шектелген. Ал кеше 2 облыстың 4 жолын су басты. Қазір бұл олқылықтың орнын толтыруға 765 техника мен 2 мыңға жуық маман жұмылдырылды. Сондай-ақ жол қызметкерлері тасқынға тосқауыл қою жұмыстарына да тартылды.
Сәкен Ділдахмет, "Қазавтожол" ҰК" АҚ ресми өкілі:
- Атырау мен Батыс Қазақстанда су алу қауіпі туындады ғой, біз өзіміз Қазавтожол тарапынан 300 техниканы сол жаққа жібердік, соларға көмектесу үшін. Бұл Қазақстанның әр өңірінен жинадық, Қызылорда облысы, Қарағанды, Ақмола облысынан жинап жібердік. Жалпы елімізде қар маусымы басталғалы бері біз 4000 жуық техниканы іске қосып, жұмыс атқарып жатырмыз.
Дамир Тілеубаев, «Қазавтожол» ҰК» АҚ БҚОФ директорының орынбасары:
- Дәл осындай уақытта қол ұшын созып, саяжайда тұрып жатқан кісілердің үндеуін естіп, қолден келгенше біздер де қарап қалмай ат салысып жатырмыз. Дамбаның құрылысына жетпей жатыр дегендіктен, топырақ алып келдік және 500 дана қапшық алып келіп жатырмыз.
Әзірше тасқынның төтеп бере алмай, сөгілген тас жолдың нақты қанша шақырым екені белгісіз. Қар суы қайтпай оны дөп басып айту қиын. Сондай-ақ қазавтожолдықтар биыл 3 мыңнан аса жолдың тілімін толтырып, ойығын жамауды жоспарлап отыр.