Қазақстан Ауғанстанға отандық автокөліктерді экспорттауға мүдделі
Бұл туралы Кабулда өткен бизнес форум барысында айтылды.
Жиында қазақстандық 35 компания өз өнімдері мен қызметтерін ұсынды. Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бүгінде екіжақты тауар айналымын 3 млрд долларға дейін арттыру міндеті тұрғанын айтты. Ауған кәсіпкерлерінің арасында қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс әлі де жоғары. Бизнес-форум қорытындысы бойынша 12 млн доллардан астам сомаға күнбағыс майы, дәнді дақылдар мен ұн жіберу туралы келісім жасалды. Ауған компаниялары мотор майына үлкен қызығушылық танытты.
Сонымен қатар Серік Жұманғарин қос елдің жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығы аясында Ауғанстан азаматтарына біздің елдің жоғары оқу орындарында оқуға берілетін гранттардың санын 30-дан 60-қа дейін арттыруды ұсынды.