Ел қолма-қол ақшаны ұмыта бастады

Қазір жұрт қызмет ақысын төлеу немесе сауда жасағанда QR-кодты көп пайдаланады екен.

Бұл ненің белгісі?

Зарина Кәп, тілші:

- Төлем жасаудың бұл күнде түр-түрі бар. Ал қазір жиі қолданылатыны  QR-код арқылы төлем жасау. Иә,қазір сөмкемізді ақтарып, ақшаны немесе картаны іздеп кетпейміз. Телефонымыздағы банктың мобайл қосымшасы арқылы QR-кодты сканерлеп, лезде төлем жасаймыз.

БЛИЦ:

- Біз QR-код жоқ кездерде біз ол кісінің номерін сұрау қажет боламыз. Ал карта болса картаны шығарып төлейміз. Содан кейін сен қалтаға салдым деп ойлайсың. Бірақ жоғалтып алуың мүмкін.

Картаны қойып қазір QR-ға үйреніп кеттік. Картамызды ұмытып кетеміз. Ана сумканы ауыстырасын, мынаның қалтасында қалып қояды. 00/26

- Телефон всегда (перевод) телефон әркез өзімізбен. Ал карта үйде болмаса басқа жерде қалып қоюы мүмкін.

QR-мен қарағанда картамен төлеген ыңғайлы.

Асан Ахметжан, Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз хатшысы:

- Ел азаматтары 2023 жылы 141,9 трлн теңгеге 23,1 млн қолма-қол ақшасыз операция жүргізді. Өсім өткен жылмен салыстырғанда, операциялар саны жағынан 31,8%, ал операция көлемі жағынан 36,7% болды. Қолма-қол ақша шығарып алуға келетін болсақ, 2023 жылы операциялар саны 241,1 млн операцияны құрады. 

Яғни қолма-қол ақша шығарып алу былтыр 5,2%-ға азайған. Қолма-қол ақшасыз операциялар жасаудың танымал түрі интернет пен мобильді банк. 2024 жылдың қаңтар ақпан айларындағы есепке жүгінсек, қолма-қол ақшасыз төлемдердің арасында QR-код екінші орында. Одан кейін POS- терминал. Ал басқа төлем түрлерінде транзакция саны аз.

ГРАФИКА: 

Қолма-қол ақшасыз төлемдер қаңтар-ақпан 2024 ж

САНЫ (МЫҢ ТРАНЗАКЦИЯ)

Барлығы – 1  721,391

Интернет және телефон + 937  852

 QR код – 416,094

POS- терминал – 367 260

Банкомат – 66,1

Басқа құрылғылар – 0,12

Асан Ахметжан, Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз хатшысы:

 - Биылғы I тоқсанның қортындысы бойынша қолма-өол ақшасы төлем түрлерінің үлесі қандай болды. QR-нұсқауларды қоспағанда, интернет және мобильді банкинг арқылы 26,1 трлн теңгеге төлем операцияларын жүргізген. POS-терминалдарда өңделген төлем сомасы – 3,5 трлн теңге болса,  (10,6%).  QR-нұсқаулар арқылы 3,3 трлн теңгеге төлем жасалған.

2024 жылдан бастап шотқа түскен артық ақша тексеріледі дегеннен кейін кәсіпкерлер қолма-қол ақшасыз төлемдерін алып тастады деген еді. Алайда ондай көрсеткіш жоқ. Керісінше өсім бар. Елде жалпы 1 млн 600 мыңнан астам кәсіпкер болса, соңғы 3 айда 180 мыңнан астам кәсіпкер тіркелген. 

Зарина Кәп, Мадияр Қындыбаев