ЕАЭО бірыңғай қызметтер нарығы кеңейеді
2025 жылдан бастап Еуразиялық Эконмикалық Одақ елдерінің бірыңғай қызметтер нарығында Қазақстан бизнесі үшін 80-нен астам сектор ашылады.
Оның ішінде ауа-райын болжау, метеорология және басқалары бар.
Сондай-ақ барлық қатысушы мемлекет үшін мүлікті бағалау, бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі қызмет қолжетімді болмақ.
Бірқатар стратегиялық маңызды қызметтер жабық күйінде қалады. Қазір тізімге 142 сектор кіреді. Оның ішінде 51 түрі серіктес елдердің кәсіпкерлері үшін ашық. Оның ішінде кино, ғылыми-зерттеу жұмыстары, жарнама, туристік агенттіктер өндірісі сияқты салалар.