Үкіметте телекоммуникация саласындағы жобалар талқыланды

primeminister.kz

Деректерді тасымалдау мақсатында транзиттік әлеуетті арттыру үшін Каспий теңізінің табаны арқылы байланыс желілерін тарту ісі қарқын алады. 

Үкіметте телекоммуникация саласындағы жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Жиын Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өтті. Онда ауылдық елді мекендерде байланыс желілерін орнату және Каспий теңізінің табаны арқылы талшықты-оптикалық желілерді тарту жобаларын іске асыру барысы қаралды. Сондай-ақ 5G желілерін дамыту және Мемлекет басшысының экономиканы ырықтандыру туралы Жарлығын орындау мәселелері талқыланды. Кеңес барысында Роман Скляр жобалардың орындалу қарқынын және сапалы интернетке қосылуды жеделдетуді тапсырды.