Экономиканы жекешелендіруге сарапшылар тартылады
Жекешелендіру жөніндегі ұлттық кеңсенің жұмысына сарапшылар мен үкіметтік емес сектор өкілдері де жұмылдырылады.
Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өкілі айтты. Президенттің экономиканы ырықтандыру шаралары туралы Жарлығы бизнесті дамытып, мемлекеттің кәсіпкерлікке қатысу үлесін қысқартуды көздейді. Бизнес өкілдері үшін цифрлық экожүйе енгізіледі.
Арман Евниев, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кедергілерді жою жөніндегі кеңесінің төрағасы:
- Мемлекеттік сектордың экономикадағы үлесі 15 пайыздан аспауы керек дегені мәлім. Бүкіл дамыған мемлекеттерде сондай көрініс. Біздің көрсеткішті нақты ешкім білмейді, бірақ сарапшылардың есебі бойынша 35-40 пайызға жақын болып тұр қазір. Екіншіден, орта және шағын бизнестің үлесі 50 пайыздан асу керек. Соның барлығын осы Жекешелендіру мәселелерінде шешу керек.