Р. Скляр Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысты

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысты.

Форум аясында Ресей үкіметі төрағасының орынбасарларымен кездесті. Келіссөз барысында екі елдің экономика және отын-энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды. Тараптар Каспий құбыр консорциумының тұрақты жұмысын атап өтті. Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында 3 жылу электр станцияларын салу жөніндегі ірі жобаны іске асыру жайы сөз болды. Көлік саласындағы ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойылды. Тағы «Газпром» басшылығымен келіссөз жүргізді. 2040 жылдың соңына дейін ресейлік табиғи газды Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстан мен Қырғызстанға тасымалдау туралы келісім жасалды.