Оңтүстік Корея Қазақстанға инвестиция құюдан 5-ші орында тұр
Оңтүстік Корея Қазақстанға инвестиция құю жағынан да белсенді.
Бесінші орында тұр. Юн Сок Ёльдің мемлекеттік сапары бұл байланысты нығайта түсері анық. 2005 жылдан бері Оңтүстік Кореядан тартылған қаржы көлемі 9 млрд 600 млн АҚШ долларын құрады. Былтыр ғана 1 млрд 200 млн доллар көлемінде тікелей инвестиция тартылған. Бірлескен 54 жоба бар. Олардың құны 5,5 млрд АҚШ долларына тең. Бүгінде 3 млрд 400 млн доллардың 30 жобасы іске асырылған. Тағы құны 2 млрд доллар болатын 11 жоба қолға алынды. Алдағы уақытта 13-ін жүзеге асыру жоспарда бар. Оның құны 105 млн доллар шамасында. Бүгінде Корея капиталы құйылған 700 бірлескен кәсіпорын жұмыс істеп тұр.