Таңғы шық елімен тауар айналымы $981 млн-нан асқан
Оңтүстік Кореямен сауда-саттық былтыр 6 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды 24KZ.
Оның ішінде Таңғы шық еліне 3 млрд 800 мың теңгенің тауары экспортталған. Отандық статистикаға сүйенсек, биылғы қаңтар-сәуір аралығындағы тауар айналымы 981 млн-нан асқан. Оның ішінде Оңтүстік Кореяға 548 млн доллардың өнімі сатылса, елімізге 433 млн доллардың тауары жеткізіліпті.
Жалпы Қазақстан негізінен мұнай шикізаты, қара металл, болат пен темірді экспорттаса, Корей елі бізге қазандық, көлік, құрал-жабдықтар мен түрлі аппараттарды жібереді.