Қ.Тоқаев Doosan Group компаниясының басшысымен кездесті

фото: akorda.kz

Бүгін Мемлекет басшысы Doosan Group компаниясының төрағасы мен Doosan Enerbility басқарма төрағасының орынбасарын қабылдады, деп хабарлайды 24kz.

Кездесуде Түркістан облысында қуаты 1 ГВт болатын бу-газ электр станциясын салу барысы мен компанияның Атырау облысында «Қарабатан» газ турбиналы электр станциясын кеңейтуге қатысу перспективалары туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ Президент су тасқыны кезінде елімізге көрсеткен көмегі үшін корей компаниясына алғыс білдірді.