Ұлытау облысында көктемгі егіс науқаны аяқталды

Диқандар 30 мың гектар алқапқа дән септі, деп хабарлайды 24KZ.

Оның 24 мыңы – бидай, 4,5 мыңы – жемшөп дақылдары. Сондай-ақ 1 мың гектарға картоп пен өзге де көкөніс түрлері егілді. Дала жұмыстарына 400-ге жуық техника тартылып, шаруаларға 450 тонна арзандатылған жанармай берілді. Атқарылған жұмыстармен танысқан Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин егіс алқабын ұлғайту мәселесіне тоқталды. Шегірткені жою жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Бұл бағытта бүгінге дейін Ұлытау мен Жаңаарқа ауданы бойынша 14 мың гектар аумақ химиялық өңдеуден өткен.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Кезінде бұл жерде 75 мың гектар себілген. Қазір 29 мың ғана гектар. Азайып қалған. Бұл жерде мұны қайта қарастыру керек. Шаруашылықтарға қол ұшын беріп, мемлекеттік қолдау болса, олар қайтадан сол 75 мың гектарға жеткізу үшін әрмен қарай жалғастырамыз деп отыр. Ол үшін мемлекет тарапынан біраз шаруалар шешіліп отыр. Ол енді қаржы мәселесі. Бұрын болмаған қаржы қазір 4 есе көбейіп жатыр.