Елде 18 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

Елде кемінде 18 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. Үкімет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында осылай деді.

Олжас Бектенов экономиканың өсуінің негізгі нүктелері ретінде құрылыс, инфрақұрылым, өңдеу және аграрлық өнеркәсіп кешені екенін атап айтты. Алдағы уақытта бұл салаларға басым қолдау көрсетілетінін жеткізді. Сондай-ақ Премьер-министр атқарылатын нақты шараларды тізбектеді. Үкімет басшысы 87 елді мекенді газдандыру жоспарда барын, 12 мың шақырымнан астам автожолдарды салу, сондай-ақ 13 арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілетінін айтты. Олжас Бектенов: «Бұл – біз қазір жүзеге асырып жатқан негізгі ауқымды шаралар. Олар экономиканың өсуін қамтамасыз етеді», – деді.