Жетісу облысында инвесторлардың құқығы қорғалды

Жетісу облысының прокурорлары 8 инвестордың құқығын қорғады.

Арнайы акция өткізген ведомство қызметкерлері кәсіпкерлерге қарсы бірқатар заңбұзушылықтың болғанын анықтады. Нәтижесінде инвестициялық жобаларға қатысты бюрократиялық кедергінің бәрі қысқартылды. Жалпы олар қолға алған жобалардың сомасы 1,5 триллион теңгеден асады. Көбі мал және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, тау-кен өндірісіне қаржы құйған. 

Олжас Самат, облыс прокурорының аға көмекшісі:

- Кербұлақ ауданында үлкен инвестордың құқықтары бұзылғаны анықталды. Жалпы инвестиция суммасы 1,3 триллион теңгені құрайды. Прокурорлық қадағалау актісінің қаралуы нәтижесі бойынша мемлекеттік құзырлы органдармен олардың құқықтары шектелгені анықталған. 

Сабыржан Молдыбаев, инвесторлық компания өкілі:

- Осы жобаның іске асуы барысында бізге мемлекеттік органдар тарапынан қиындықтар туындап, атап айтар болсақ, «Балқаш-Алакөл» бассейндік инспекциясы бізге мақұлдама беруден бас тартты. Жетісу облыстық прокуратурасына осы мәселе бойынша хабарласып, бізге осы мәселенің шешімін тауып берді.