Қазақстандық компаниялар Кореядағы көрмеге қатысты
Қазақстандық компаниялар Сеулде ашылған халықаралық көрмеге қатысты.
Көрмеге 60 елден 200-ден астам өндіруші өз өнімдерін әкелген. Көрменің мақсаты Оңтүстік Корея нарығында сауда жасауға ниетті шетелдік компаниялармен ынтымақтастық орнату. Көрме аясында Сеулдегі елшіміз Нұрғали Арыстанов Кореяның Сауда, индустрия және энергетика вице-министрі Чхве У Сокпен келіссөздер жүргізді. Айта кеткен жөн былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 6 миллиард АҚШ долларынан асты.
Гауһар Минуарбекова, азық-түлік компаниясының президенті:
- Өнімінің ішінде сыр бар. Біздің естуімше, кәрістер қазір өте жақсы көреді сырды. Бұл піскен кезде сыр сондай әдемі болып шығады. Біздің өніміміз Алматы облысында Талғар ауданында өндіріледі. Жалпы Қазақстан бойынша қазір жұмыс жасаймыз. Дегенмен соктар Қытайға экспортталады.