56 млн ел қоржынына қайтарылды

Прокурорлар 56 млн теңге бюджет қаражатын мемлекет қазынасына қайтарды.

Оқиға Шымкент қаласында болған. Әкімшілік-іскерлік орталықты абаттандыруға тиіс болған мекеме міндетін толық орындай алмапты.

Алайда экономикалық сот бюджет қаражатын өндіріп алуға шектеу қойған. Бірақ прокурорлар наразылық білдіріп, апелляциялық отырыста бітімгершілік келісімін бекіту туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде 56 млн теңгеден астам бюджет қаражаты мемлекетке қайтарылды.