Қазақ-өзбек сауда айналымы $1 млрд-тан асты
Қазақстан мен Өзбекстан құны 3 млрд доллардан асатын 69 бірлескен жобаны іске асырмақ.
Оның аясында 14 700-ден астам жұмыс орны ашылады. Қазірдің өзінде 217 млн доллар болатын 12 жоба сәтті жүзеге асырылды. Тағы үшеуі қолданыста. Оның ең ірісі – Тараздағы электро-металлургия зауыты. Тараптар жүйелі жұмысты жалғастыруға ниетті. Бүгін Қазақстан мен Өзбекстанның үкімет басшылары екіжақты ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның кезекті хаттамасына қол қойды. Алматыда өткен ХХІ отырыс барысында Олжас Бектенов пен Абдулла Арипов Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға ресми сапары қарсаңында күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.