Шикізаттық емес экспорт көлемі ұлғаяды

Ел үкіметі шикізаттық емес экспорт көлемін алдағы 5 жылда 45 млрд долларға жеткізу міндетін қойды.

Ең ірі сауда серіктесі Қытай болады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі жедел штабтың кеңейтілген отырысында айтты. Диалог алаңына 10 бизнес қауымдастық пен 20 мемлекеттік орган, ұлттық даму институттарының өкілдері мен тауар өндірушілер қатысты. Қытайда қазақстандық өнімдерді сақтауға және одан әрі сатуға арналған қоймалар беріледі. Бұл экспорт әлеуетін арттыруға тағы бір серпін болмақ.

Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:

- Оперштабтың құрамына облыстардың және республикалық қалалардың әкімінің орынбасарлары енгізілді. Бұл олардың шикізаттық емес экспортты дамыту мәселелеріндегі жауапкершілігін арттырады. Сонымен қатар ұлттық тасымалдаушымен және Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, тасымалдау жоспарларын келісуді қамтамасыз ету үшін экспорттық жүктердің тізімін ұсыну мәселесін «Атамекен» кәісіпкерлер палатасы тарапынан үйлестіру тетігі пысықталды.