Қарағанды облысында шағын кәсіп өнімдерінің көрмесі өтті
Теміртаулық жас кәсіпкер өзінің қолынан шыққан металл мүсіндерді ел көлемінде ғана емес шетелге саудалап отыр.
Зауытта токарь болып жұмыс істеген Ақылжан Елеуғазин қазір әкесімен бірігіп, шағын цехта кәсібін дөңгелетіп жүр. Ол қолынан шыққан төл бұйымдарын «Бір ауыл-бір өнім» атты облыстық көрмеге әкелді.
Бұл ауыл шаруашылық өнімдері мен қолөнер бұйымдарының үздіктерін анықтап, бизнес болашағын бағдарлайтын үлкен көрме. Оларға қойылатын талап қандай?
Ақылжан Елеуғазиннің мына бір ғана бұғы мүсінінің өзі жүзден астам метлл бөлшектен тұрады. Олар алдымен компьютерлік бағдарлама көмегімен түрлі аңдар мен бұйымдардың сызба-нұсқасын дайындап алады. Кейін оны металлдан қиып, дәнекерлеп шығады. Оған зауытта дәнекерлеуші болып істейтін әкесі көмектеседі. Айрықша мүсіндерді көшеге, аулаға, демалыс орындарының аумағына қоюға болады. Жас өрен қалалық және республикалық гранттарды жеңіп алған. Сол 2,5 миллион теңгеге қажетті құралдарын сатып алыпты. Енді цехын кеңейтсем деген жоспары бар.
Ақылжан Елеуғазин, кәсіпкер:
- Мұны Америкаға жібергем, Украинаға жөнелттік 2021 жылы. Алматы қаласына жөнелттік, осы Қарағандыға. Әрі қарай даму үшін біз мысалы осы заттарды басқа жерлерде кескізтеміз, игіздіртеміз, соны өзіміз істесек деп едік.
Көрмеге осындай ерекше деген 30 жоба ұсынылған. Қатысушылардың бірқатары енді кәсіп ашсам деген жандар. Талап бойынша жасалған тағам мен бұйымға міндетті түрде жергілікті шикізатты пайдалану керек. Сондай-ақ, ауқымды емес шағын кәсіпкерлікке жататын өміршең жобалар мақұлданады. Таңдалған 10 жобадан үздік үштік анықталады.
Меруерт Қасымова, Қарағанды облыстық "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы:
- Финалистермен біз ары қарай жұмыс істейміз ұлттық кәсіпкерлік палатасы. Онлайн, офлайн ретінде оқулар ұйымдастырады. Мына кәсіпті ары қарай жүргізу, дамыту үшін. Өйткені бұлардың ішінде кәсіпкерлікті ашпаған азаматтар да бар. Көремлерге қатыса алады. Обылстық, басқа өңірлерге, шетелде жүретін көрмелерге. Республика аясында емес, шет мемлекеттерге шығаруға дайындаймыз. Брендке айналдырамыз.
Үздік шыққан жобалар облыс әкімінің 5 миллион теңге грантын иеленеді. Өткен жылы алғаш рет өткен көрмеде жеңімпаз болған үш кәсіпкер жан-жақты мемлекеттік қолдауға ие болған.
Руслан Нұрланұлы, Сайран Ақамбаев, Зарина Зұлпыхар