Елімізде жарты жылда ішкі тауар айналымы ₸28 трлн болды

Биыл маусымда алдыңғы аймен салыстырғанда Қазақстандағы көтерме сауда 10%-ке, бөлшек сауда 30%-ке ұлғайған, деп хабарлайды 24kz.

Алғашқы жартыжылдықта тұтас ішкі тауар айналымы 28 трлн теңгеге жуықтады. Соның ішінде электронды сауда көлемі 1,5 трлн теңге болды. Сауда саласына 280 млрд теңге шамасында инвестиция тартылған. 2016 жылдан бастап елде алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға индексі төмендеді. 6 ай ішінде тұтынушылардан 25 мыңға жуық шағым түскен. Бұл былтырғы көрсеткіштен 60%-ке артық. Мамандар кәсіпкерлік нысандарына 570 тексеру жүргізді. Нәтижесінде тұтынушылардың 777 млн теңгесі қорғалып, 648 кәсіпкер әкімшілік жауапқа тартылды.

Көтерме сауда – 10,5%

Бөлшек сауда – 30,6%

Ішкі тауар айналымы – ₸27,6 трлн

Электронды сауда – ₸1,5 трлн

Инвестиция – ₸282,4 млрд

Азық-түлік бағасының индексі –99,8% /

 

Тұтынушылардың құқығын қорғау

24 441 шағым түсті

60% көбейді

570 тексеру жүргізілді

₸777 млн қорғалды

648 кәсіпкерге айыппұл салынды