Қазақстан мен Өзбекстан тауар айналымы бес жылда 29% өсті
Аталмыш қос ел тауар айналымын 10 млрд долларға дейін ұлғайтпақ, деп хабарлайды 24kz.
«Қазақстан – Өзбекстан» бизнес форумында ынтымақтастықты дамыту тетіктері сөз болды. Бүгінде Өзбекстан – Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі. Қазақстанның Орталық Азиямен тауар айналымының 57%-тен астамын құрайды. Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 4,4 млрд АҚШ долларын құрады. Өзбекстан Қазақстанға жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізіп отырған елдер арасында да көш бастап тұр.