Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту

Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту және Қазақстан - Түрікменстан - Иран" темір жолын пайдаланудың маңызы зор.

2022 жылы осы бағыт бойынша 2021 жылмен салыстырғанда 6 есе көп жүк тасымалданған. Жақын арада тасымалдау көлемі бес есе ұлғайтылуы мүмкін. Транскаспий халықаралық көлік дәлізі әлеуетін арттыру мақсатында Қазақстан, Әзербайжан, Түркия және Грузия аумақтары бойынша "тар" жерлерді синхронды жоюдың жол карталары іске асырылып жатыр. Бұл шаралар дәліздің өткізу қабілетін жылына 10 млн. тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.  Қазақстан  Ақтау және Құрық теңіз порттарының транзиттік мүмкіндіктерін ұсынуға дайын. Ақтау портында "контейнерлік хаб"салынады. Құрық портында 2024 жылы астық терминалы іске қосылады.

Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту

2022 жылы 2021 жылмен салыстырғанда 6 есе көп жүк тасымалданған

Жоспар: тасымалдау көлемін 5 есе ұлғайту

Қазақстан, Әзербайжан, Түркия, Грузия аумақтарында

дәліздің өткізу қабілетін жылына 10 млн. тоннаға дейін арттыру

Ақтау портында контейнерлік хаб салынады

Құрық портында астық терминалы іске қосылады