Орталық Азияның экономикалық әлеуеті артты
Бүгінде Орталық Азия экономикалық өсім мен инвестициялық белсенділіктің маңызды орталығына айналып келеді.
Экономика сарапшылары осылай дейді. Батысты Шығыспен, сол секілді Солтүстікті Оңтүстікпен ұштастыратын «Жібек жолының» тарихи рөлі қайта жандануда. Аймақтық кооперацияның арқасында өзара сауда-саттықты ілгерілетіп, экономикалық серіктестікті дамытуға серпіліс берді. Енді аймақ ішіндегі сауда көлемін 20 млрд долларға дейін ұлғайту жөнінде мақсат қойылып отыр. Қазір Орталық Азия мемлекеттерінің жалпы ішкі өнімі тұтастай алғанда 450 млрд долларға жеткен. Кейінгі 5 жылда бұл көрсеткіш 80%-ға артып, 11 млрд долларға жетті. Халықаралық болжамдарға сай, алдағы 10 жыл ішінде Орталық Азия аймағы шамамен 170 млрд доллар көлемінде тікелей инвестиция тартады. Оның 70 млрд доллары шикізаттық емес салаға тиесілі болмақ.
Орталық Азия
Мақсат: Аймақ ішіндегі сауданы ұлғайту - $20 млрд
Жалпы ішкі өнім - $450 млрд
Өзара сауда-саттық - $11 млрд
Болжам: Тікелей инвестиция - $170 млрд
Шикізаттық емес сектор - $70 млрд