Қазақстанда өңдеу өнеркәсібін қолдау күшейтіледі

Ел Үкіметі бизнесті қолдау шараларын қайта қарады.

Бұған дейінгі бастамалардың басын қосып, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға арналған кешенді бағдарлама қабылданды. Енді өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпорындарға басымдық берілмек. Оған қоса өндірістің күрделілігіне қарай субсидиялаудың сараланған тетігі енгізіледі. Яғни дайын өнім шығаратын кәсіпкерлер ұзақ мерзімге арзандатылған несие ала алады. Ал қызмет көрсету саласындағы жобаларды субсидиялау мерзімі 3 жылға дейін қысқартылды. Несиелер бойынша кепілдік беру құралы кеңейтілді. Биыл қолдау шараларымен шамамен 14 мың бизнес жоба қамтылды.