Ақмола облысында егін қыркүйекте орылады

Ақмола облысы жаппай егін орағын қыркүйек айының ортасында бастауы мүмкін.

Жергілікті мамандар осылай деп болжап отыр. Себебі, аймақта екі аптадан бері жауын-шашын толастар емес. Күн райы кейде 3-4 сағат ғана ашылғанымен кейін қайта түнеріп шыға келеді. Осылайша биыл да астық далада қала ма деген қауіпте бар. Осы жылы облыста 5 миллион гектардан астам алқапқа дән себілді. Егін шығымы жақсы. Жалпы орақ науқанына 9 мыңға жуық техника қатысады. Жанар-жағармай қоры жеткілікті. Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Еркеш Әленовтің айтуынша, жергілікті шаруаларға биыл Үкіметтен арзандатылған бағада 83 мың тонна дизель отыны мен астықты кептіруге қосымша 20 мың тонна сұйытылған газ бөлінген.

Еркеш Әленов ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Егін ору науқаны жаппай басталған жоқ. Кейбір шаруашылықтар өздері пробный жасап жатыр. Тексеріп, көріп. Бірақ оның сапасы өте нашар. Биылғы ауа-райына байланысты кептірме сушилкалар дайындап жатырмыз. Облыс бойынша қазір элеваторларда 147 сушилка бар және шаруашылықтарда 114 сушилка бар. Олардың бәрі сақадай сай дайын тұр.