Өңдеу өнеркәсібін дамыту

Президент Жолдауында жүктелген міндеттерге сәйкес, жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластерлерді құру арқылы 26 мың жұмыс орыны ашылады.

Үкімет инвестиция көлемі 15 трлн теңгеден асатын 17 ірі жоба тізбесін бекітті. Оның ішінде мұнай өңдеу көлемін жылына 18 млн-нан 24 млн тоннаға дейін ұлғайту көзделген. Ал импортты алмастыру шеңберінде 6 млн тонна калий тыңайтқыштары өндіріледі. Сонымен қатар жыл сайын шамамен 1,2 млн тонна полиэтилен шығарылады. Барлық жоба жүзеге асқанда экспорт 6 трлн теңгеге артады және 1,5 трлн теңгеге импорт алмастырылмақ.